Мәдениетті жаңғырту

Мәскеуде Қазақстанның заманауи өнері туралы «Барлығы көшпенділер» көрмесі өтеді

Мәскеуде (Ресей) ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Еуразиялық Мәдениет Альянсы қолдауымен Аrtwin Gallery галереясында Қазақстанның заманауи өнері туралы «Барлығы көшпенділер» көрмесі ашылды.
Әлемде22 Сәуір , 20:27

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, «Барлығы көшпенділер» көрмесі  елдердің ұлттық ұқсастықтарын, шығармашылық, этикалық, саяси, мәдени ұстанымдарын анықтауға арналған.  «Барлығы көшпенділер» көрмесінің жетекші мақсаты қазақстандық арт сахнаның маңызды бөлігін, бүгінгі  елдің заманауи өнерін ұсыну болып табылады.

Көрме жетекшілері бір кеңістікте бірнеше ұрпақ өкілдерінің басын қосқан,  қазақстандық contemporary art өмірге әкелушілерден бастап классиканың мойындалған суретшілерінен  жаңадан сахнаға шыққан жас ұрпақ шеберлеріне дейін.  Ал, ол өз атауын Сергей Бердниктің «Барлығы көшпенділер» (2003 ж.) жұмысының арқасында ие болды, ол сурет салу дәстүрінің жиынтық үлгісі болып табылады.

 

 




Яндекс.Метрика