Адамзаттық капитал

СҚО ТЖД қызметкерлері тыл еңбеккеріне мерекелік медаль табыстады

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтық қорғау органдарының ардагері, тыл еңбеккері Александр Кобылкиннің отбасында болып, оған «Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған» мерейтойлық медальді табыс етті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.
Солтүстік Қазақстан22 Сәуір , 19:33

Александр Васильевич Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық қорғаныс штабында оқыту орталығында оқытушы болып 20 жылдан астам қызмет атқарды. Ол бұл қызметке өткен ғасырдың 70 жылдарында келіп, құрметті демалысқа 1993 жылы кеткен болатын.

Өзінің еңбек тәжірибесінде ұжымшарлар мен кеңшарларға, кәсіпорындар мен ұйымдарға АҚ құжаттарын әзірлеуде баға жетпес көмек көрсетті, халықты жойғыш құралдардан қорғану тәсілдерін, бейбіт және соғыс уақытында әрекет ету тәртібіне, тіршілік әрекеті қауіпсіздігі негіздеріне  оқытты. Оның барлық әріптестері де зейнеткерлер және олар осынау ақжарқын, адал адам туралы жақсы лебіздерін білдіріп, ол оқыған дәрістердің тыңдаушылар үшін әрдайым қызықты өтетіндігі жайлы естеріне алып, ұжымда сый-құрметке ие болғанын да айтты.

Қазір Александр Васильевич 82 жаста. Ал Ұлы Отан соғысы басталғанда ол 8 жаста ғана еді. Сол сұрапыл жылдар туралы әңгімелеуді жақтырмайды, өйткені соғыс жылдары туылған балалар ерте есейіп, ауыртпашылықтың ащы дәмін де ерте сезінген-ді. Буыны қатпаған балалардың мойнына отбасының бар міндеті артылып, басқа түскен бар қиыншылық оларды ерте күннен жігерлендіріп, шыңдай түсті. Қызмет ардагері тек өмір бойы осы Петропавл қаласында тұрып келе жатқанын айтты. Осы жерде институтты бітіріп, отбасын құрған...

Ол өзінің күнделікті еңбек еткен жылдарын ерекше ыждаһатпен еске ала отырып, көптен көріспеген әріптестерін де сұрастырып отырды. Денсаулықтың бұрынғы белсенді өмір салтын құруға мүмкіншілік бермей отырғанын да тілге тиек етті. 

Александр Васильевич барша  Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған мерейтойлық медаліне, берілген марапатқа риза болды. Ол СҚО ТЖД қызметкерлерінің келіп, назардан тыс қалдырмағандарына алғысын айтып, ведомствоның офицерлеріне абыройлы қызмет етіп, Отанымыздың сенімді ұлдары болып қалу тілегін білдірді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика