Өңірлер

2015 жылдың үш айында СҚО тұрғын үй құрылысына 746 миллион теңге инвестиция салынды

Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Солтүстік Қазақстан облысы негізгі капиталға деген 18956,1 миллион теңгені игерді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі инвестицияның көлеміне 149 пайызды құрайды, деп хабарлайды облыстың статистика департаменті.
Солтүстік Қазақстан22 Сәуір , 19:17

 Негізгі капиталға деген 47,3 пайыз инвестиция машина, құрылғылар, аспаптар мен құралдар сатып алуға жұмсалған. Ғимараттардың күрделі жөндеу мен салуға байланысты шығындар 48 пайызды құрайды.       

Департамент мәліметтерінше, негізгі капиталға деген инвестицияларды қаржыландырудың басты көзі шаруашылық субъектілері мен тұрғындардың өздерінің жеке қаржылары болып табылады. Олардың үлесі 82,4 пайыз, мемлекеттік бюджеттің қаржысы 8,8 пайызды, банктердің несиелері 4,7 пайызды, өзге заемдер 4,1 пайызды құрайды.

Инвестиция салынған басым салалар көлік пен қоймашылық (облыс бойынша жалпы инвестицияның 43,9 пайызы),  ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылықтары (24,6), өнеркәсіп (18,3 пайыз), жылжымайтын мүлік операциялары (5,6), білім беру (2,2).  

Жылжымайтын мүлік саласына инвестициялардың 3,9 пайызы, яғни 745,4 миллион теңге бөлінген.  

 

 

 




Яндекс.Метрика