Парламент

Мәжіліс қылмыстық-атқару заңнамасына енген өзгертулерді қабылдады

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста мәжілісмендер бастамасы бойынша әзірленген қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлады Мәжіліс.
Астана қаласы22 Сәуір , 15:04

Тақырып төңірегінде баяндама жасаған Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкованынң атап өткеніндей, заң жобасының негізгі мақсаты- қолданыстағы заңнаманы Қылмыстық-атқару кодексінің ережелеріне сәйкес келтіру. Құжат қылмыстық атқару жүйесі органдары мен жазаны орындау процесіне жұмылдырылған басқа да мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін заңнамалық актілер арасындағы қайшылықтар мен коллизияларды жоюға бағытталған.

Заң жобасын қабылдау-бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын тұлғаларды қайта әлеуметтендіру бойынша неғұрлым тиімді жұмысты қамтамасыз етуге, әлеуметтік қызмет көрсетулер, жұмыспен қамту жүйелерін күшейту, мемлекеттік органдардың сотталғандармен толыққанды және жүйелі жұмыс істеуі арқылы қылмыстың қайталану деңгейін азайтуға мүмкіндік береді. 

«Депутаттарымыз көтеріп отырған осы заң жобасында ескеруді қажет ететін маңызды сұрақ, ол ең алдымен жұмыспен қамтамасыз ету. Қазір онымен ешкім айналысып жатқан жоқ. Депутаттардың айтып отырғаны рас, ол негізінен 40-45 жасқа дейінгі жұмысқа қабілетті адамдар. Бұл бойынша сіздерге әлі де жұмыс істеу керек,-деп жұмыс тобына тапсырма берді», -  Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов.

 Сонымен қатар, осы күні Мәжіліс депутаттары «Ақпараттандыру туралы» заң жобасын, ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының мақсаты- ақпараттандыруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға жауап беретін тиімді жүйесін заңнамалық тұрғыдан енгізу арқылы қазақстандық қоғамды ақпараттандыруды одан әрі жетілдіру.

Құжатта негізгі ұғымдардың мәні ашылып, ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері айқындалады. Осы мәселе бойынша жұмыс тобының 12 отырысы өткізіліп, депутаттардан 400-ге жуық ұсыныс түскен. Ілеспелі құжатта көрсетілгендей, заң жобасы 6 кодекс пен 19 заңға, сондай-ақ, басқа да заңнамалық актілерге қолданыстағы нормаларды негізгі заң жобасының ережелерімен үндестіру үшін өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

 Осы күні екі ратификациялық құжат мәжілісмендердің оң бағасын алды. Олар: Қазақстан мен Қырғыз арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді және  Шекара өкілдерінің қызметі туралы қазақстандық-қырғызстандық үкіметаралық келісімді ратификациялау .

Келісімдер мемлекеттік шекара ауданында өзара сенімді нығайтудың, шекарада тұрақтылықты ұстап тұруға, құқыққа қарсы қызметтің жолын кесуге бағытталған шекаралық ынтымақтастықты дамытудың құқықтық негізін жасау, сондай-ақ Келісім Тараптарының біріне залал келтіруі мүмкін дүлей зілзалалар жағдайында уақтылы хабардар ету және көмек көрсету, шекарадағы тосын оқиғалардың алдын алу және осындай оқиғалар туындаған жағдайда оларды реттеу, мемлекеттік шекара режимін сақтап тұру жөніндегі  мәселелерді шешу, сондай-ақ қару-жарақ пен есірткі құралдарының  контрабандасына қарсы күрес жөнінде бірлескен шаралар қабылдау мақсатында  шекара өкілдері қызметінің  құқықтық негізін құруды көздейді.

Сонымен қатар, бүгін халық қалаулылары  «Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады.
 




Яндекс.Метрика