«Жұлдызай» фестивалі азаматтардың бейімделуі мен кішкентай балғындардың тұлға болып қалыптасуына көп уақыттан бері үлес қосып келуде. 10 жыл ішінде шараға 20 мың қазақстандық қатысты. Оның 3 мыңға жуығы үлкен сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Фестивальдің ақтөбелік қатысушыларының саны жыл санап өсуде, өткен жылы 116 болса, осы жылы 146-ға тең.
ІБС хабарлағандай, «вокал», «инструменталды орындау», «ыммен ән айту», «би», «қолөнер» номинациясының жеңімпаздары Астанадағы концертте өнер көрсетеді. Дәстүр бойынша ол 1 маусым- Халықаралық балалар күні өтеді.