Евразиялық одақ

ҰЭМ: ЕАЭО елдеріне шығатын қазақстандық еттің экспорты 6 есе өсті

2012 мен 2014 жылдар аралығында ЕАЭО мүше елдерге қазақстандық еттің экспорты 6 есе шамасында өсті, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов.
Астана қаласы22 Сәуір , 13:57

«Қаржының басым бөлігі Қазақстанда ет әлеуетін арттыруға бағытталуда. Сонымен, 2012  мен 2014 жылдар аралығында  ЕАЭО мүше елдерге қазақстандық еттің экспорты 6 есе шамасында өсті», - деп мәлімдеді Т. Жақсылықов ОКҚ-да.

Оның айуынша, Ресейге ІҚР экспорты 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 290 тоннадан 2 342 тоннаға дейін артты. «2013 жылы 1,4 млн доллардың ет өнімі экспортталса, 2014 жылы  9 млн доллардың өнімі экпортталды, өсім айтарлықтай көп. Үстіміздегі жылы да өсім едәуір болады деген ойдамыз», - деді вице-министр.

Осы ретте, Т. Жақсылықов атап өткендей, шошқа етінің экспорты 60 тоннадан  1 024 тоннаға дейін артқан, яғни  124 мың  доллардан  1,7 млн долларға дейін - экспорт 15 есе шамасында артқан.

«Құс еті бойынша экспорт бір жылда  2 620 тоннадан 5 295 тоннаға дейін артты, демек 2 есе  13,4  млн долларға дейін артты», - деді ол.

Жалпы, ұлттық экономика вице-министрі қорытындылағандай, өзгеде ет өнімдерінің экспорты 10 есе көбейді.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика