Ұлтаралық бірлік

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясының залы ашылды (ФОТО)

Бүгін ҚХА кеңейтілген мәжілісінен кейін, Ұлттық академиялық кітіпханадан Қазақстан халқы Ассамблеясының залы ашылды.
Астана қаласы 22 Сәуір, 13:39

Бұл ретте Ұлттық академиялық кітапханада 17 зал жұмыс істейтіндігін айта кету керек.  

Бұған қоса, мәжіліс барысында ҚР ҰАК жанындағы сайттың таныстырылымы жасалды. Сайтта ҚХА атқарған жұмыстары бойынша құжаттар, Н.Назарбаевтың қаоғамдық сана және бірлік үлгісі туралы жетекші ғалымдар мен сарапшылардың мақалалары, ҚР Президентінің мұрағатынан алынған құжаттар орналастырылған.  

Бұған қоса, осы шаралар аясында этномәдени бірлестіктердің қызметтері жөніндегі «Менің Қазақстаным» жинағы мен «Қазақстан халқы Ассамблеясы. (1995-1997) Алғашқы қадамдар» атты мұрағат құжаттары жинағының таныстырылымы болды.  

Ассамблея Кеңесі мен этомәдени бірлестіктердің мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстарының маңыздылығын атап өткен Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова: «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы басты мақсат - Қазақстанның әрбір азаматын қамтуға қол жеткізді»,-деп мәлімдеді.

Мемлекеттік хатшы ҚХА жылының маңыздылыған атап өтіп, аталмыш ұйымның XXII сессиясының «тарихта қалатынын» айтты.

Ұлттық академиялық кітапхананың холында Қазақ хандығының 550 жылдығына, ҚР Конституциясының 20 жылдығына, ҰОС Жеңістің 70 жылдығына және өзге де шараларға арналған көрмелер өтті.  

Камила Амирова

Фото Азамат Алиев

 





Яндекс.Метрика