Евразиялық одақ

2025 жылы ЕАЭО елдері ортақ газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарығын құру туралы халықаралық келісімшартты қабылдайды

2025 жылы ЕАЭО елдері арасында ортақ газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарығын құру туралы халықаралық келісімшарты қабылданады, деп хабарлады ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да.
Астана қаласы22 Сәуір , 13:32

«Ресей Федерациясы арқылы мұнай эскпортының 85%-дан астамы, газ экспортының 99,5%-ы өтетіні ескеріле отырып біздің елдеріміз арасында ұзақмерзімді тығыз қарым-қатынастар құрылған. Енді олар ЕАЭЕ елдері арасында ортақ газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарығын құру арқылы одан ары нығая түседі», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, қатысушы елдер ортақ нарық өз жұмысын бастау үшін ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін  газ, мұнай мен мұнай өнімдері балансы индикативін құру бойынша әдістемесін жасақтауда. «Бұл негізгі бағыттар мен механизмді анықтайтын техникалық құжат», - деді  Мырзағалиев.

Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап қатысушы елдер ортақ газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарығы тұжырымдамасын жасақтау керек, онда мақсат пен міндеттер анықталады.

«2018 жылдың 1 қаңтарына дейін Ортақ нарықты құру  бағдарламасын бекітеміз, ол 2024 жылға дейін жүзеге асырылады. Нәтижесінде 2025 жылы  ЕАЭО елдері арасында ортақ газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарығын құру туралы халықаралық келісімшарты қабылданады», - деп түйді энергетика вице-министрі.

Бұдан басқа,  М. Мырзағалиев толықтырып өткендей, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын кеңейту, Қашағанды іске қосу Қазақстанның эскпорттық мүмкіндіктерін арттырады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика