Адами капитал

ТЖК күшімен Ақмола облысында судың деңгейі бақылануда

ТЖК күшімен Ақмола облысында судың деңгейі бақылануда, деді ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті хабар беру және халықты оқыту бөлімінің бастығы Руслан Иманқұлов.
Астана қаласы22 Сәуір , 13:24

«Ақмола облысында Целиноград ауданының Шнет және Ағанас ауылдарының тұрғындары бақылауда ұсталуда. Ауданның 11 ауылында тәлік бойы тексерулер жүруде. Талапкер ауылында инерттік материалдар дайындалуда», - деді Р.Иманқұлов.

Ведомство мәліметінше, Қорғалжын ауылында үздіксіз мониторинг жүргізілуде, 6 тұрғын вагоны мен құтқару бөлімінің 8 техника бірлігі жұмылдырылған.

Елдің су тасу қаупі бар аймақтарында тәулік бойы құтқару шаралары қарастырылған. Материалдық шығын бойынша комиссия шаралар жүргізуде.

Ботагоз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика