Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ аясында 17 миллиард доллар көлемінде шетелдік инвестициялар тартылды

ИИДМБ аясында 2010-2014 жылдар аралығында 17 миллиард доллар тікелей инвестициялар тартылды, деді Инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Бөрісбай Жанқоразов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Астана қаласы22 Сәуір , 13:19

«ИИДМБ аясында 25 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестицияның 17 миллиард доллары, яғни 74 пайызы тартылды. Екінші бесжылдық барысында 100 шетелдік инвесторларды тарту көзделіп отыр және бұл меже алдағы уақытта өсе береді. Бұл уақыт аралығында көрсеткіштер бірінші бесжылдық кезіндегі сомамен бірдей болады, тіпті одан да көп болуы мүмкін»,-деді Б.Жанқоразов.

Бұл ретте Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев қайта өңдеу өнеркәсібіне басымдық беріліп отырғандығын атап өтті.

«Қазіргі таңда басты мәселе қайта өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту болып отыр. Бұл бағыт шикізатпен салыстырғанда қиындау болады. Қайта өңдеу мен қызмет көрсету индустриясында біз қайта өңдеу саласына 2014 жылы 3,7 миллиард доллар тарттық. Біз үшін бұл шешуші көрсеткіш болуы керек, алдағы уақытта біз оны арттырып отыруымыз керек»,-деді Е.Сағадиев.  

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика