Адамзаттық капитал

Қарағанды облысында «Астана-Қорғалжын-Шұбаркөл» автожолы қалпына келтірілді – ТЖК

Қарағанды облысында «Астана-Қорғалжын-Шұбаркөл» автожолы қалпына келтірілді, деді ҚР ІІМ ТЖК халықты ақпараттандыру және оқыту бөлімінің жетекшісі Руслан Иманқұлов су тасыған өңірлерде апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өткен брифингте.
Астана қаласы22 Сәуір , 13:14

«Қарағанды облысында Бұқар Жырау ауданының  Ғ. Мұстафин атындағы ауылында суды сору жұмысты жалғасуда. Үзіліссіз азық-түлік пункті, медициналық орталық пен психологтар жұмыс істеуде. Бүгінде 893 адам эвакуцияланды. Оқиға орнында құтқару бөлімінің күштері жұмыс істеуде», - деді Р.Иманқұлов.

Ведомствода атап өткендей, Қарой ауылында су деңгейі тұрақталды, электр желісі жүргізіліп, гуманитарлық көмек жүргізу ұйымдастырылды.

«Астана-Қорғалжын-Шұбаркөл» автожолында қозғалыс қалпына келітірілді. «Киевка-Жараспай» ауылдарына шығатын су тоқтатылды», - деді Р.Иманқұлов.

 

 




Яндекс.Метрика