Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Қазақстанда 18 инвестор-компания 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашады

Қазақстанда 18 инвестор-компания 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашады, деді ҚР ИДМ «KAZNEX INVEST» АҚ Басқарма төрағасы Бөрісби Жанғұзаров.
Астана қаласы22 Сәуір , 13:07

«Біз әрекеттегі инвесторлармен жұмыс істеудеміз. Оларды инвестициялауға, яғни Қазақстан өнеркәсібін дамытуға шақырудамыз. Бұл орайда жұмыс тиімді жасалуда, бүгін бізде 18 компания бар, олар 400 млн теңгенің 22 жобасы жүзеге асыруда. Бұл жобалардың қорытындысы бойынша бір жарым мың жұмыс орны ашылады», - деді ол.

Акционерлік қоғамның басшысы атап өткендей, жақында өткен Қазақстан-Түрік форумында 800 млн доллардың 20 құжатына қол қойылды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика