ҚР ИИДМБ

ИИДМБ аясында Қазақстанда құны 2,5 миллиард доллар болатын 45 жоба жүзеге асырылуда

Қазақстанда құны 2,5 миллиард доллар болатын ИИДМБ аясындағы басым бағыттар бойынша 45 жоба жүзеге асырылуда, деп мәлімдеді Инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Бөрісбай Жанқоразов.
Астана қаласы22 Сәуір , 13:01

«2 мың жаһандық компанияның  тек 1 мыңы нақты бір тауар өндіретін өнеркәсіп компаниялары болып табылады, 700-ге жуық компаниялар ИИДМБ басым салаларында жұмыс істейді. Осы 700 компанияның 29-ы құны 2,5 миллиард доллар болатын 46 жобаны жүзеге асыруда»,-деді Басқарма төрағасы.

Бұл ретте ол KAZNEX INVEST компаниясының инвестицияларды тартуды еларалық принцип негізінде жүзеге асыратындығын, яғни өзге мемлекеттермен жүзеге асырылатын түрлі мемлекетаралық байланыстар мен бағдарламалар екендігін атап өтті.  

Айта кетейік, «KAZNEX INVEST» акционерлік қоғамы экспортты өткізу мен инвестиция тарту жөніндегі агенттік болып есептеледі, компанияда инвесторларды тартудың үшдеңгейлі жүйесі құрылған.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика