Ұлтаралық бірлік

ҚХА Төрағасының орынбасары Н.Назарбаевқа ҚХА сессиясына дайындық барысы туралы баяндады

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Сәуір , 12:43

Е.Тоғжанов Мемлекет басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өтетін алдағы ХХІІ сессиясына дайындық барысы туралы баяндады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі сондай-ақ этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісін ілгерілету жөніндегі жұмыстар мен өңірлердегі достық үйлерінің, этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы айтты. 




Яндекс.Метрика