Адами капитал

ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік органдарға аймақтарды су тасқыны салдарын жою үшін материалдық қамтамасыз етуді тапсырды - ТЖК

ҚР Премьер-Министрі Үкімет отырысын өткізіп, мемлекеттік органдарға аймақтарды су тасқыны салдарын жою үшін материалдық қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті хабар беру және халықты оқыту бөлімінің бастығы Руслан Иманқұлов.
Астана қаласы22 Сәуір , 12:38

«21 сәуірде ҚР Премьер-министрі  Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізді, онда қаралған мәселелердің бірі еліміздегі су тасқыны  жағдайы. Алқа отырысының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік органдарға аймақтарды су тасқыны салдарын жою үшін материалдық қамтамасыз етуді тапсырды», - деді Р.Иманқұлов өңірлерде қалыптасқан су тасқыны жағдайы және жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары туралы» брифинг барысында.

Бұдан басқа ол атап өткендей, ҚР ІІМ ТЖК күшімен автомобиль жолдарының 112 учаскесі қалпына келтірілді.

«Бүгінде эвакуацияланған 13 387 адам өз үйлеріне оралды. Тасқын кезеңінде барлығы 16 171 адам эвакуацияланған болатын. Сонымен қатар, 2 434 үй су астында қалды, оның ішінде жүргізілген шаралар арқасында 2 213 үйден су сорылып алды», - деп жалғастырды ол.

Жалпы, су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 6 463 адам жұмылдырылып, 7 404  бірлік техника, 154 су соратын құрылғы және 113 жүзу құралы қамтылды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика