Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Р.Қадыржанов: Ұлттық тарихи сананы қалыптастыру қазақстандық патриотизмнің жаңа, маңызды бағыты

Тарихи сана - ұлттық бірлікті нығайтуды қалыптастыруды мақсат еткен мемлекет, ұлт, тарихи тұлғаларды қабылдау түріндегі ұлттық санасының үлгісі ретінде ұсынылады, деді философия ғылымдарының докторы, профессор Рүстем Қадыржанов Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы22 Сәуір , 14:32

«Тарих пен тарихи санада тек өткенге деген көзқарас қана көрініс таппаған, сонымен қатар онда ұлттың осы кезеңдегі жағдайы мен болашағы да бар. Сол үшін де тарихи сана ұлт пен ұлттық бірлікті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында осы ұйымның төрағасы, Президент Нұрсұлтан Назарбаев та айтты. «Ұлттық рухты қажетті деңгейге көтеру үшін біздің шын тарих, дін, мәдениетіміз қандай деген мәселені жіті ұғынып алу қажет»,-дейді профессор.

Оның сөзінше, қазіргі заманғы демократиялық қоғамда ұлттық бірліктің маңызды бөлігі ретінде тарихи сананы қалыптастыру қоғамда пікір алуандылығын тудыратын бір-біріне кереғар, тіпті бәсекелес үдеріс болып есептеледі. Көптеген элиталар өздері солардың атынан көзқарастарын білдіретін этномәдени топтарға белгілі бір бөлігі тарих пен этностың және қоғамдағы этносаралық қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылатын идентификациялық жобаларын ұсынады.  

Ұлттық тарихи сананы қалыптастыру жаңа қазақстандық патриотизмнің маңызды бөлігі болып табылады. Ал тарихи сананың негізі, оның өзегі Елбасы айтқандай бүкілқазақстандық бірлік болады.   

«Ұлттық тарихи сананың өзі де  Қазақстанның ұлттық бірлігін қалыптастыруға бағытталған. Бұны жете түсінетін Көшбасшы тарихи сананы жаңа қазақстандық патриотизм негізінде қалыптастыруды ұсынады. «Қазақстандықтардың тарихи санасы біріктіруге жұмыс істеуі керек, өзінің өткені, осы кезі мен болашағына деген патриоттық қарым-қатынасты қалыптастыруы керек. Бұл дегеніңіз тарихымыздың өткенінен қарама-қайшылықтар мен  өкпе-реніштерді емес, ынтымақтастық пен біріктіру фактілерін іздестіру қажеттігін көрсетеді»,-деді Р.Қадыржанов.  

Оның пікірінше, Елбасының «қазақстандық бірліктің біздің халқымыздың тарихи санасының өзегі болуы керек» деуі тегіннен тегін айтылған жоқ. Басқаша айтқанда, тарихи сана азаматтардың этникалық және өзге де ерекшеліктеріне қарамастан, Қазақстан азаматтарының этонсүсті қоғамдастығы ретіндегі азаматтық ұлтты қалыптастырудағы маңызды құралы болуы керек.    




Дерекнама

Яндекс.Метрика