Ұлтаралық бірлік

Қазақстандықтардың 80 пайызы республикада барлық этностар тең екеніне сенімді – Мемлекеттік хатшы

Қазақстандықтардың 80 пайызы республикада барлық этностар тең екеніне сенімді, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында.
Астана қаласы22 Сәуір , 11:59

«Қазақстан халқы Ассамблеясының  жылы «Нұрлы жол» экономикалық саясатының  жүзеге асуының нышаны болды. Мерейлік шараны  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев геосаяси және экономикалық сын-қатерлерге қарсы уақытта ұсынды.  Ассамблея жылы Ассамблея кеңесінің бастамасымен кезектен тыс президенттік сайлауға орай әзірленді. Тұрақтылық пен  қарқынды дамуға бағытталған бастама Елбасы мен Қазақстан халқының қолдауына ие болды», - деді Г.Әбдіқалықова.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ассамблея ғылыми-сарапшылық кеңесі  жүргізген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша, халықтың 95 пайызы бір халықтың өкілі ретінде санайды», - деді Мемхатшы.

«Сауалнама қойылған адамның 94,2 пайызы өздерін Қазақстан азаматы ретінде есептейді, 73,3 пайызы – Қазақстанда ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасы қалыптасқанын мойындайды,

80 пайызы рсепубликада барлық этнос тең екеніне сенімді, 85,3 пайызы елді тұрақты және қауіпсіз деп есептесе, 84,3 пайызы барлығының әлеуметтік-экономикалық мүмкіндігі тең деп есептейді, 82,7 пайызы дәстүр, тіл мен этностардың мәдениетін дамытуға барлық жағдай жасалған деп есептейді», - деді ол.

«Бұл жалпы мемлекеттік және азаматтық құндылықтарды басымдыққа қоюға мүмкіндік береді. Қоғамның мақсаты мен  міндетін әрбір адамның санасына жеке жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Г.Әбдіқалықова. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика