Евразиялық одақ

Қазақстанда қайта өңдеу саласына инвестиция көлемі 2,5 есе артты

Кедендік одақ өз жұмысын бастағалы Қазақстанда қайта өңдеу саласына инвестиция көлемі 2,5 есе артты (5,7 млрд доллардан 14 млрд долларға дейін), деп ҚР ұлттық экиномика вице-министрі Тимур Жақсылықов ОКҚ-да өткен брифингте.
Астана қаласы22 Сәуір , 11:43

«ЕАЭО аясында жасалынып жатқан жағдайлар экономиканың қайта өңдеу секторына инвестиция көлемінің артуына септігін тигізді. Кедендік одақ өз жұмысын бастағалы Қазақстанда қайта өңдеу саласына инвестиция көлемі 2,5 есе артты, 5,7 млрд доллардан (2006-2009) 14 млрд долларға дейін (2010-2013)», - деді Т. Жақсылықов.

Оның айтуынша, бұл Қазақстандағы индустриалды дамыту сынды ұлттық бағдарламалар мен интеграциялық процестердің жиынтық нәтижесі.

«Біз одан ары экономикалық интеграцияның артықшылықтарын инвестициялық тартымдылықты, дамытуға, қайта өңдеу өндірістерін құруға пайдалануға ниеттіміз. Бұл қосымша серпін береді», - деп түйді ҚР ұлттық экиномика вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика