Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбе облысында жұмыс жәрмеңкесінде 55 жұмыс орны ұсынылды

Ақтөбе облысы Мартөк ауданында жұмыспен қамту орталығы және «Жұмыспен қамту жол картасы- 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен биылғы бірінші бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат бағдарламасы.
Ақтөбе22 Сәуір , 15:19

Онда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан 55 бос жұмыс орны ұсынылды. Сондай-ақ, аспаздар, наубайшылар, бухгалтерлер, экономистер, жиһаз жасаушылар, физика, математика пәндерінің мұғалімдерін іздегендер болды. Қоғамдық жұмыстарды атқаруға да ұсынылған орындар болды. Шараға 80-нен астам адам қатысты.

Эстафетаны Мартөк ауданынан кейін Жайсан ауылдық округі жалғастырады.

Онда көпбейімді колледж ғимаратын жөндеу жұмыстарына 13 адам тартылмақ. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталығы Қаратау ауылының клубын жөндеуге де 4 жұмыс орыны ашылатынын айтып отыр. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика