Евразиялық одақ

2025 жылға қарсы ЕАЭО аясында тауар мен жұмыс күшінің қозғалуы ешбір кедергісіз жүзеге асады

2025 жылға қарсы ЕАЭО аясында тауар мен жұмыс күшінің қозғалуы ешбір кедергісіз жүзеге асады, деді Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылыов.
Астана қаласы22 Сәуір , 11:21

«2025 жылға қарсы тауар, қызмет және капитал мен жұмыс күшінің  қозғалуы ешбір кедергісіз жүзеге асатын болады. 2016 жылға қарсы ортақ дәрілік апараттардың нарығы ашылады. 2019 жылға қарсы электр энергиясының нарығы ашылады, 2025 жылға қарсы – мұнай, газ және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы ашылады», - деді ол.

Т.Жақсылықов атап өткендей, 2025 жылға дейін салалық қызметтің- автотасымалдау, құрылыс қызметі сияқты  кейбір түрлерінің либерализациялануы аяқталады. «Бұл салалар  біздің елдерге ДІӨ өсімін қамтамасыз етеді. Либерализация тәртібі  серіктес-елдің қатысуымен дайындалатын болады», - деді ол.

Сондай-ақ, вице-министр атап өткендей, 2025 жылға дейін әр түрлі салалар бойынша 80 құжат жүзеге асырылады.

«Осы жылы 50 акт қабылданатын болады. Бұл ЕАЭО Кедендік кодексі Кедендік одақтың орнын алмастырады.  ЕАЭО-ға автомобильдік кобатаждық тасымалдау бірте-бірте көшірілетін болады. Ортақ электр энергиясының нарығы  тұжырымдамасы дайындалып, газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығы ашылады», - деді ол.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика