Евразиялық одақ

ЕАЭО елдері 2015 жылы көлік тасымалдарынан 250 миллион доллар үнемдейді

Астана қаласы22 Сәуір , 11:13

Еуразиялық экономикалық одақтың іске қосылуы барысында 2015 жылы көптеген тасымал түрлерінен үнемделген қаржы көлемі 250 миллион долларды құрайды, деді Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Орталық коммуникациялар қызметінде.

«Көліктік тасымалдарының тұралап қалмауына жол бермеу - экономиканың бәсекеге қабілеттілігін артыруға бағытталған жүйелі қадамдар болып есептеледі. Қазақстан арқылы үшінші елдерге Ресей теңіз айлақтары мен темір жол көліктері арқылы жүк тасымалдау барысында ішкі ресейлік тарифтер қолданылуда. Бұл транзиттік емес, керісінше, ресейлік жүк тасымалдаушыларына қойылатын жеңілдетілген тарифтер»,-деді Т.Жақсылықов.

Оның сөзінше, тасымал барысында айтарлықтай қаржы үнемделеді.    

«Биылғы жылдың өзінен біз осындай тасымал арқылы 250 миллион АҚШ долларын үнемдегелі отырмыз. Бұл дегеніңіз біздің экономикамызға қосымша түсім, отандық өнім өндірушілердің кірістері»,-деді вице-министр.

ЕАЭО келісімі биылғы жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енді. ЕАЭО барлық бағыттар бойынша жаңғырту, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында тұрақты дамуға жағдай жасауға бағытталған.    

Индира Кауметова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика