Евразиялық одақ

Т.Жақсылықов: ЕАЭО мемлекеттерімен әлемнің 40-тан астам елі еркін сауда аймағын құруға ниет білдірді

Әлемнің 40-тан астам елі еркін сауда аймағын құру туралы келісіме қол қоюға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы ҚР ұлттық экиномика вице-министрі Тимур Жақсылықов ОКҚ-да өткен брифингте хабарлады.
Астана қаласы22 Сәуір , 10:55

«Қазіргі таңда еркін сауда аймағы туралы кесілімге қол қою үшін үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде ЕАЭО елдерімен әлемнің 40-тан астам елі еркін сауда аймағын құруға ниет білдірді. Олар: Үндістан, Вьетнам, Иран, Түркия, Израиль, Мысыр және тағы басқа жылдам дамып келе жатқан мемлекеттер», - деп мәлімдеді ол.

Осы ретте, Жақсылықов атап өткендей, Вьетнаммен келіссөздер соңына таяп қалды.

«Вьетнаммен екі ай ішінде еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қоямыз деген ойдамыз. Қалған мемлекеттермен бірлескен зерттеу топтар құрылуда, шамамен 1-1,5 кезеңде  олардың келіссөзге өту туралы шешім қабылданатын болады», - деп толықтырды  Т. Жақсылықов.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика