Евразиялық одақ

2016 жылдан бастап ЕАЭО аясында дәрілік препараттардың ортақ нарығы жұмыс істей бастайды

2016 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ аясында дәрілік препараттардың ортақ нарығы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылыов мәлім етті.
Астана қаласы22 Сәуір , 10:41

«2016 жылға қарсы халықаралық GMP стандарты негізінде ортақ дәрілік нарық ашылады. Бұл ешбір кедергісіз  жоғары сапалы дәрілердің қолданылуына мүмкіндік береді», - деді Т.Жақсылықов.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 5 өндірушінің 9 өндірістік учаскесі жұмыс істейді. Олар GMP стандартына сәйкес.

«2016 жылдан бастап ірі өндірушілер есеп бойынша фармацевтикалық өнімдерді ЕЭАО елдеріне экспорттай алады. Жоспар бойынша экспорт 360 млн долларды құрауы мүмкін», - деді ол.

Айта кетейік, ЕАЭО туралы келісім өз күшіне 2015 жылдың 1-ші қаңтарында енген болатын. ЕАЭО құрамына Ресей, Қазақстан, Беларусь,  Армения  елдері жатады.

ЕАЭО жан-жақты жаңғырту, ұлттық экономикада  бәсекелестікті арттыру мен тұрақты дамуды құру, адамдардың өмір сүру әл-ауқатын жақсарту  мақсатында  ашылды.

Индира Қауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика