Адамзаттық капитал

Ақмола облысының жастары «Қазақстандық Жеңіс лентасы» шеру-акциясын ұйымдастырды (ФОТО)

Ақмола облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған жастардың «Қазақстандық Жеңіл лентасы» шеру-акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақмола 23 Сәуір, 09:41

Шара жастардың ҰОС ардагерлерімен бірге «Мәңгілік алау» мемориалды кешеніне гүл дестесін қою салтанатты рәсімінен басталды.

Белсенді жастар қазакқстандық Жеңіс лентасымен бірге Көкшетау қаласының көшелерін аралап, қаланың тұрғындары мен қонақтарына «9-мамыр Жеңіс күні» лентасы мен төсбелгілерін таратты.   

Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, «Жеңіс лентасы» ұзындығы 70 метр, ені 1,5 метр көгілдір аспан түсті лента, ол ұлттық ой-өрнектермен әрлендірілген, ортасында алтын-сары түсті өрнегі бар. Лентаның жиектерінде Ұлы Отан соғысы орденінің суреті бейнеленген. Ол біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысында көрсеткен батырлығы мен жаужүректілігінің белгісі.    

Акцияға 1000 адам қатысты, олардың арасында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, осы аймақтағы жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен Көкшетаудың жастары бар.   

Акция «Менің Қазақстаным» архитектуралық композициясының үстінен 70 саны белгіленген шарлардың ұшырылуымен аяқталды.   

   





Дерекнама

Яндекс.Метрика