Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан мен Қытай ҚР арқылы өтетін Чунцин – Дуйсбург темір жол бағдарын дамыту мәселесін талқылады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, Чунцин қаласының (ҚХР) муниципалдық үкімет жетекшісінің орынбасары Чен Хэпин бастаған делегациясымен кездесу өткізді, кездесу барысында, Қазақстан аумағы арқылы өтетін, Чунцин – Дуйсбург темір жол бағдарын әрі қарай дамыту мәселесі талқыға салынды.
Астана қаласы22 Сәуір , 11:32

ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар Қазақстан аумағы бойынша транзиттелетін, Қытайдың ішкі аудандарын Еуропа елдерімен байланыстыратын, аталған халықаралық дәліз аясында тасымалданатын жүк көлемін көбейтуге мүдделілігін білдірді. 

Баршаға мәлім, 2011 жылдан бастап, Чунцин – Достық – Дуйсбург бағдарында тұрақты контейнерлік пойыздар қозғалысы ұйымдастырылуда. Өткен жылы бұл темір жолмен Қытайдан Германияға 91 контейнерлік пойыз, кері бағытта 19 құрам жүріп өтіп, 2013 жылға қарағанда екі жарым есе көп көрсеткішті бағындырды. Сондай-ақ, былтыр, контейнерлердегі пошта жүктерін пилоттық жөнелту табысты қамтамасыз етілді.

Чунцин – Дуйсбург халықаралық бағдарының жұмыс істеуі, еуразиялық экономикалық ынтымақтастық пен сауда байланыстарының белсенділігін арттыруға септігін тигізуде. 2015 жылы Чунциннен Дуйсбургке баратын контейнерлік пойыздар санын қос жаққа 91-ден 250-ге дейін көбейту жоспарлануда. Осының арқасында рефрижераторлық пойыздар қолданылатын сервис түрі жыл бойы қызмет көрсетпек.

Өткен жылғы толымды нәтижелер, Парсы шығанағы елдері мен Түркия нарығында, өнімді өткізу үшін қажет көлік бағыттарын игеру стратегиясын жасауға ықпал етті.

Іскерлік келіссөздер жемісі ретінде, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен Чунцин қаласының вице-мэрі Чен Хэпин әрі қарайғы ынтымақтастық жайлы хаттамаға қол қойды. Құжатқа сәйкес, ҚТЖ еншілес ұйымы - «KTZ Exspress» АҚ мен «Minsheng Logistics Co., Ltd» қытайлық компаниясы арасында, Ұлы Жібек жолына қосымша жүк ағындарын тарту мақсатында бірлескен кәсіпорын құру шешімі қабылданды. Чунцин – Дуйсбург бағдары бойынша контейнерлік пойыз құрамында пошта жүктері тасымалын дамыту және де Чунцин – Қазақстан – Түркия бағдары бойынша алғашқы пилоттық пойыздарды ұйымдастыру жөнінде нарқы шаралар белгіленді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика