Ұлтаралық бірлік

Атырау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығы талқыланды

1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында мерекелік шара өткізілді.
Атырау22 Сәуір , 12:32

ҚР ІІМ ТЖК хабарлағандай, аталған шараға Атырау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім және достық үйі» мемлекеттік мекемесінің қызметкері және бірнеше диаспоралар шақырылды. Атап  айтқанда, «Татулық» татар – башқұрт этномәдени бірлестігі, «Иверия» грузин   этномәдени бірлестігі және «Ахыска» қоғамдық түрік бірлестіктері қатысты.

Сонымен қатар,  шараға қатысқан этномәдени бірлестіктердің төрағалары сөз сөйлеп, өз кезегінде бұндай шараны ұйымдастырғандары үшін алғыстары мен тілектерін білдірді.

Шара шақырылған қонақтардың және Қызмет қызметкерлерінің қатысуымен концертпен аяқталды.

 

 




Яндекс.Метрика