Халықаралық интеграция

ҚР ҚК Әскери қызметшілері ШЫҰ елдері арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің терроризмге қарсы оқу-жаттығуына қатысты (Фото)

Қырғыз Республикасындағы Тоқмоқ қаласы маңындағы «Скорпион» арнайы мақсаттағы бригадасының базасында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қарулы Күштері арнайы мақсаттағы күштері бірлескен жаттығуының ашылу салтанаты болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлемде 22 Сәуір, 12:18

Оқу-жаттығу төрт күнге жалғасып, осы уақыт ішінде әскери қызметшілер Шамси шатқалындағы таулы жерлерде бандалық құралымды қоршауға алу және жою бойынша бірлескен іс-қимылды және биік тау құралдарын пайдалану әдістерін пысықтады.

Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Қытай арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жауынгерлері штаттық және арнайы қарудан бірлесіп оқу-жаттығу атыстарын өткізетін болады. Сонымен бірге тактикалық эпизод барысында кепілге алынған адамдарды босату бойынша операция өткізілді.

«Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан аталған оқу-жаттығуға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының арнайы мақсаттағы бөлімшесі қатысуда. Орталық Азия аймағында қалыптасып отырған әскери-саяси және жалпы ахуал осындай жаттығуларды өткізудің өзектілігін растайды.Бұл жаттығулар барлық елдің қатысушыларына тиімді болады деп ойлаймын. Аталған жаттығулар басқа елдердің материалдық базаларын пайдалануға, саймандарымен, қаруларымен, байланыс құралдарымен танысуға,сондай-ақ достар тауып, бір-бірімізді білісуге болады», - дейді 36814 әскери бөлімінің командирі полковник Болат Жорабаев Салтанатты ашылу рәсіміне Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Жаныбек Қапаров қатысып, арнайы мақсаттағы бөлімшелер жауынгерлерін бірлескен жаттығудың басталуымен құттықтады.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері осы жаттығуға жылда қатысып келеді.

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика