Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Талдықорғанда 5 мыңнан астам жас ағаш отырғызылды

Талдықорғанда барлығы 5 мың жас ағаш көшеті отырғызылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы 22 Сәуір, 10:24

Биылғы жылы бұл акция Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Конституция мен Қазақстан халқы  Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр

Акция шеңберінде облыс орталығындағы саябақтарда, скверлерде, көшелер мен аулаларда барлығы 5 мың жас ағаш көшеттері отырғызылды. Отырызылатын жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар қалалықтарға тегін үлестірілді. Шараға ҚХА мүшелері, соғыс және еңбек ардагерлері, өңірдегі қоғам және мәдениет қайраткерлері, жастар ұйымдары мен әскери қызметкерлер белсене қатысты.

Таяп келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесіне орай ҰОС ардагерлері Қапшағай қаласының орталық саябағында жаңа аллея жасады. 9 мамыр мерекесі өтеді деп белгіленген осы саябаққа қылқан жапырақты 100 тал егілді. Акцияға Ауған соғысының ардагерлері, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер де атсалысты.





Яндекс.Метрика