Инвестициялар

СҚО-да қытайлық инвесторлар ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу зауыты құрылысының жобасын таныстырды

СҚО-да қытайлық «Wuhan Shilinfuxing Techology & Development Co. Ltd» компаниясының өкілдері аймақ басшысы Ерік Сұлтановқа ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу зауытының құрылысы бойынша жобаны таныстырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан23 Сәуір , 08:36

«Инвесторлар толыққанды өндірісті ұйымдастырмақшы: бидайды егу заманауи технологиясынан бастап бидайды өңдеу және оның қалдықтарын қайта кәдеге жаратуға дейін. Бұдан басқа, олар қосымша мал шаруашылығы фермасын салмақшы. Қытайлық делегацияға қатысушылар жобаға инвестиция салып, 500 жаңа жұмыс орнын ашуға мүдделі екенін жеткізді», - делінген хабарламада.

Қытайлық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас инженері, профессор Гао Джианфенг атап өткендей, Қытайда олардың компаниясы дәнді және майлы дәнді дақылдарды өсіру және оны қайта өңдеумен айналысады. Өндірістік желінің жылдық қуаттылығы 48 млн долл.

Өз кезегінде аймақ басшысы, уәкілетті ведомство басшыларына қытайлық компанияның  аталмыш жобасын қарастыруды тапсырды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика