Адами капитал

Батыс Қазақстанның құтқарушылары ҰОС тыл еңбеккерін құттықтады

Батыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы жеңіс күндері қарсаңында Жеңіс үшін еңбек етіп тер төккен Гафарова Қазима Ғаббасқызын мерекесімен құттықтады.
Батыс Қазақстан22 Сәуір , 09:53

ҚР ІІМ ТЖК хабарлағандай, тыл еңбеккері құтқарушыларды құшак жая қарсы алып, сол қиын кездегі естеліктерімен бөлісті. Ардагер апамызға сәттілікпен мықты денсаулык тілеп гүл шоқтарымен «майдан азығын» табыс етті.

Биыл еліміз Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға дайындалуда. Сарбаздарымыздың рухының қажырлығымен, жеңіс үшін аянбай еңбек еткен қарапайым халқымыздың арқасында еліміз осы ұзақ соғыста Жеңіс тойын тойлай білді. Біз Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің алдында бас иеміз. Құтқарушылар ардагерлерге шын жүректен мықты денсаулықпен, ұзақ өмір тіледі.

Ардагер апамыз ризашылығын білдіріп, алдағы өскелең ұрпаққа ешқашан соғыс қиындығын көрмеуін және бейбіт өмір тіледі.




Яндекс.Метрика