«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

ҚР Үкіметі «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын бекітті

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің кезекті отырысын өткізді. Онда су тасқыны жағдайы және бірқатар қаржы-экономикалық блоктың бірқатар мәселелері қаралды, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы22 Сәуір , 08:51

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың ақпаратына сүйенсек, «су тасқыны кезеңінде республика облыстарында 2 434 үй су астында қалып, ұзындығы 25 шақырым 164 автожол шайылып, 9 көпір қираған».

Су тасқыны салдарын жоюға елдің он өңірінен ТЖ күштері мен құралдары жеткізілді. 6,5 мыңнан астам адам, 1780 бірлік техника, 130 су айдау құрылғысы, 115 жүзу құралдары жұмылдырылды.

«Бүгінде қабылданған шаралардың арқасында судан 2173 үй тазартылды, 10 мыңнан астам адам үйлеріне оралды. 22 шақырым уақытша дамба салынып, 3,5 шақырым бөгет қалпына келтірілді», - деп хабарлады министр.

Ол «мұндай ауқымдағы су тасқыны елде соңғы он жылда орын алмағанын» атап өтті7

«Қазір қауіп сейілді. Жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Су елді мекендерде азая бастады. Өзендерде тасу деңгейі төмендеді. Барлық өңірлердегі жағдай жіті бақылауда. Дағдарыс орталығы жұмыс істеуде. Ағымдағы жағдай бойынша тұрақты ақпарат алып отырмыз», - деп түйіндеді Қ. Қасымов.

Премьер-Министр мемлекеттік органдарға су тасқынының салдарын жою бойынша шараларды қаржылай және материалдық қамтамасыз етуге қатысты бірқатар тапсырма берді.

Үкімет мүшелері сондай-ақ апаттан зардап шеккендерге көмек қорына өздерінің бір күндік жалақыларын аудару шешімін қабылдады

 




Яндекс.Метрика