Ұлтаралық бірлік

«ҚХА - 20 ізгі іс» эстафетасының нышаны «Тайқазан» қайтадан Астанаға әкелінді

Астанада еліміздің аймақтарында болып келген «ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасының нышаны «Тайқазанды» қарсы алу салтанатты рәсімі өтті. Нышан Бейбітшілік пен келісім сарайына орналастырылды.
Астана қаласы 21 Сәуір, 19:39

«Осыдан бірнеше сағаттар бұрын ғана шекарада «Тайқазан» қасиетті нышаны қарсы алынды. Баршаға мәлім Мемлекет басшысы 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялады. Сол уақыттағы көтерілген бастама бойынша ҚХА – 20 ізгі іске толы, ал оның нышаны Тайқазан болып белгіленген. Меніңше бұл заңды әрекет. Өйткені біздің Елтаңбамыздағы шаңырақ бірліктің нышаны, ал шаңырақтың жылылығы болмаса оның болашағы да бұлыңғыр. «Тайқазан» болса еліміздің халқының бас қосуына мүмкіндік беретін осы жылылықтың нышаны»,-деді   Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов салтанатты шара барысында.    

Оның сөзінше, «Тайқазан» біздің өткеніміз бен болашағымызды жалғай алады, өйткені ол қасиетті істерге толы.

«Тайқазан» нышанын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі театрландырылған көрініс ретінде өтті. Жақын күндерде нышанды ашу рәсімі өтеді, сонда ҚХА XXII сессиясына қатысушылар «Тайқазан» болған еліміздің барлық аймақтарында жасалған игі істерден хабардар етілетін болады.  

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Алиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика