Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда жылына 5 миллион адам егу шараларымен қамтылады – ДСӘДМ (ФОТО)

Жыл сайын Қазақстанда жұқпалы ауруларға қарсы 5 миллион адам егу жұмыстарымен қамтылады, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Еуропалық иммундау апталығына арналған брифинг барысында.
Астана қаласы 21 Сәуір, 18:23

«Имунносауықтыру аз шығындай отырып, денсаулық пен нақты бір адамға, тіпті барлық тұрғындарға көп пайда келтіретін шаралардың бірі. Вакциналарды пайдалану көптеген аурулардың тарау деңгейін төмендетіп, кей жағдайда тіпті жойып жіберуге мүмкіндік береді»,-деді А.Цой.

Министрдің орынбасарының сөзінше, Қазақстанда жыл сайын түрлі аурулардан 5 миллион адам, соның ішінде 1,3 миллион балалар егіледі.  

«Имунносауықтыру саласындағы мемлекеттік саясат жұқпалы арулардың алдын алу, қажет жағдайда жойып жіберуге бағытталған. Тұрғындарды вакцинациялау арнайы ұлттық күнтізбеге сәйкес, тегін жүргізіледі.  Ал ұлттық егу күнтізбесі ТМД көлемінде ең үздік болып саналады және ДДСҰ талаптарына сай келеді»,-деді вице-министр.

Оның сөзінше, елімізде егу шараларына мемлееттік тіркеуден өткен вакциналар қолданылады.  

«Балаларды кепілдендірілген сапасы бар вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ДДСҰ тарапынан сертификатталған вакциналарды сатып алуда. Вакцинация жұқпалы аурулардан сақтандырудың жалғыз ғана жолы»,-деді А.Цой.  

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда X Еуропалық имундау апталығы басталды және ол сәуір айының 20-25 аралығында өтеді. Оның мақсаты иммундау шараларынан қалың көпшілікті кеңірек хабардар етіп, сол арқылы егу шараларымен азаматтарды неғұрлым көбірек қамту.   

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика