Адами капитал

«Шығыс» ӨҚ қолбасшылығының әскери қызметшілері концерттік бағдарламамен далалық лагерге келді (Фото)

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының гарнизондық офицерлер үйінің әскери қызметшілері Астанаға өздерінің қызметтестеріне қолдау көрсетіп, таяуда өтетін Жеңістің 70 жылдығымен құттықтау үшін ерекше концерттік бағдарла алып келді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 21 Сәуір, 20:03

Концерт шатырлы лагердің аумағында ұйымдастырылған амфитеатрда өтті. «Осы іс-шара арқылы біз әріптестерімізге қолдау көрсетіп, айтулы оқиға алдында олардың жауынгерлік рухын көтергіміз және барлығын келе жатқан мерекелерімен құттықтағымыз келді.

Бұл жерге Қазақстан Қарулы Күштеріндегі ең үздік әскери қызметшілер жиналған. Көп жылдық қызмет барысында олар осындай ерекше іс-шараға қатысуға лайықты екендерін дәлеледеді», - деп «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Азамат Мұқатаев атап өтті.Аталған күні далалық лагерде көпшілік көңілінен орын тапқан танымал болған әуендер шырқалды. Далалық лагерде тұрып жатқан парадқа қатысатын әскери қызметшілер жолдастарының бастамасын риза болды.

 

 

«Біз осындай ықылас пен қолдауға риза болдық. Осы орайда Жеңіс мерекесін мерекелеудегі маңызды сәт - әскер түрлері, тектері, қолбасшылықтар мен оқу орындары атынан парадқа қатысу өзімізге жүктелген үлкен жауапкершілік деп түсінеміз», - дейді парадқа қатысушылар.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика