Энергияның балама көздерін дамыту

«Ғимаратта жүзеге асырылған энергиялық жағынан ең тиімді жоба» байқауында 4 номинация бекітілді

«Ғимаратта жүзеге асырылған энергиялық жағынан ең тиімді жоба» республикалық байқауы аясында 4 номинация бекітілді , деп хабарлады ТКШ мен құрылыстағы энергиялық тұрғыдан тиімділік жөніндегі БҰҰДБ/ДЭҚ және ҚР Үкіметінің жобаларының үйлестірушісі Александр Белый.
Астана қаласы21 Сәуір , 17:53

«Байқау аясында «Энергетикалық тиімді коттедж», «Энергетикалық тиімді көппәтерлі үй», «Энергетикалық тиімді әлеуметтік нысан» және  «Энергетикалық тиімді коммерциялық нысан» деген 4 номинация бекітілді», - деп хабарлады А. Белый.

Айта кетерлік жайт, байқауға энергетикалық тиімді технологияны пайдаланып жүрген қоғамдық нысандар мен тұрғын үйлердің, коммерциялық нысандардың  иелері қатыса алады.

Осы ретте, А. Белый атап өткендей, нысандардың экономикалық тиімділігін, энергетикалық тиімділігін тәуелсіз сарапшылар бақылайтын болады.

Жалпы, байқаудың мақсаты халықты энергияны үнемдеу және ,ғмараттардың энергия тиімділігін арттыру бойынша ақпаратпен хабардар ету.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда «Ғимаратта жүзеге асырылған энергиялық жағынан ең тиімді жоба» республикалық байқауы басталды, 2015 жылдың 15 қыркүйегінен бастап өтініш қабылдана бастайды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика