Энерготиімділік

Қазақстанда энергиялық жағынан тиімді ғимараттағы жоба республикалық байқауы басталды

Қазақстанда «Ғимаратта жүзеге асырылған энергиялық жағынан ең тиімді жоба» республикалық конкурсы басталды. Бұл туралы БҰҰ ДБ жобаларының және үкіметтің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс бойынша энергия тиімділігін үйлестіруші Александр Белый байқаудың басталуына байланысты өткен баспасөз-брифингінде мәлім етті.
Астана қаласы21 Сәуір , 17:38

«Бүгін біз «Ғимаратта жүзеге асырылған энергиялық жағынан ең тиімді жоба» атты ашық республикалық байқауын батаймыз. Байқау БҰҰ ДБ / ЖЭҚ мен ҚР Үкіметінің «Тұрғын үй ғимараттарын энергиялық жағынан тиімді жобалау» жобасының аясында ұйымдастырылуда. Сондай-ақ ол осыған дейін жария етіліп, Ұлттық экономика, Индустриялар және даму министрліктері мен ТҮКШ Ұлттық палатасы, Астана ЭКСПО-2017 компанияларының қолдауымен «Энергиясы тиімді Қазақстан» республикалық акциясының аясында ұйымдастырылуда»,-деді А.Белый.   

Оның сөзінше, ертеңнен бастап өтініштерді қабылдау басталып, 15-қыркүйекте аяқталады.

«Байқау жеңімпаздары 15-қазан мен биылғы жылдың қарашасында анықталып, арнайы өтетін халықаралық конференция барысында жеңімпаздары наградталады. Байқауға қатысу үшін арнайы берілетін өтініш қағазын толтыру керек. Өтініштің үлгісі БҰҰ ДБ сайтында жарияланады»,-деді үйлестіруші.  

Байқауға жаңадан іске қосылған ғимараттар да бұрыннан энергиялық тиімді технологияларды енгзігне ғимараттар да қатыса аалды. Өтініш иесі энергия тиімділігіне қол жеткізу жетістігін дәлелдеп беру керек. Байқаудың мақсаты – энергиятиімділігін арттыру технологиялары бойынша жүзеге асырылған жобалард туралы қалың көпшілікті кеңінен хабардар етіп, бұл тәжірибені кеңінен тарату.  

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика