Сайлау-2015

СБРҚК ҚР Президенті сайлауын бақылаушылар санын 10 мыңға дейін арттырды

СБРҚК ҚР Президенті сайлауын бақылаушылар санын 10 мыңға дейін арттырды, деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі Владимир Тельнов бақылаушыларға аналған «Сайлау күні бақылаушының әрекеті» семинар-тренингі барысында.
Астана қаласы21 Сәуір , 17:08

«Ағымдағы жылы мемлекет басшылығы біздің комиссиямыздың жұмысын жандандыру бойынша шешім қабылдады. Өткен сайлауда бізде бес мыңға жуық бақылаушылар болды. Ағымдағы жылы олардың санын 10 мыңға дейін арттыру көзделуде. Сайлауға еліміз бойынша қоғамдық қадағалау жүргізуге кез-келген азамат құқылы. Алайда ол соншалықты мүмкін емес, мұнда ұжымдық күш керек. Сондықтанда азаматық қоғам тартылуда», - деді В.Тельнов.

Семинар-тренинг Қазақстан Республикасындағы президенттік сайлауды қоғамдық бақылау процесіне дайындық аясында өткізілуде.

Семинардың мақсаты СБРҚК миссиясы мен міндетін түсіндіру және бақылау процесін жетілдіру.

Айта кетерлік жайт, 2011 және 2012 жылдардағы сайлау науқанындағы СБРҚК қызметі тәжірибесінің сараптамасына және сайлаулар бойынша халықаралық талаптарға ерекше назар аударылды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика