Парламент

ҚР Парламентінің Сенаты АҚШ Конгресімен парламентаралық ынтымақтастықты үдетуге мүдделі – Тоқаев

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джордж Кролды оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 21 Сәуір, 16:53

Таяуда сенім грамотасының табыс етілуімен Дж.Кролды құттықтаған Қазақстан Сенатының Төрағасы дипломатқа Қазақстандағы миссиясының табысты болуына тілектестігін білдірді.

«АҚШ Қазақстанның стратегиялық әріптесі болып табылады. Астана мен Вашингтон ауқымды мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастықты табысты дамытып келеді», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Төраға Қазақстан Сенатының АҚШ Конгресімен парламентаралық ынтымақтастықты үдетуге мүдделі екенін атап өтті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, ынтымақтастық жөніндегі топтар - Қазақстан Республикасы Парламентінің қос палатасында қызмет ететін және АҚШ заң шығару жиналысындағы «Қазақстан достарының тобы» - парламентаралық үнқатысудың негізі болып отыр.

Қ.Тоқаев «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасына және «Нұр Отан» партиясының Съезінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаев айтқан институттық бес реформаның мазмұнына дипломаттың назарын аударды.

Сенат Төрағасы жүздесушіні Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезіне әзірлік туралы хабардар етіп, діни форумға АҚШ діни қауымдастығы өкілдерінің қатысуына Қазақстан зор маңыз беретінін атап өтті.

Елші Дж.Крол АҚШ-тың Қазақстанмен өзара тиімді және тең құқықты негіздегі ынтымақтастықты дамытуға әзірлігін атап өтті. Вашингтонда Қазақстанның әсіресе, қауіпсіздік және ядролық қарусыздандырудағы, сондай-ақ энергетика саласындағы сындарлы сыртқы саясатын жоғары бағалайды. Елшінің пікірінше, Орталық Азия аймағында Қазақстан институттық реформаларды жүзеге асыруға әзірлігін паш етуімен ерекше орын алады. Америкалық дипломат парламентаралық алмасулардың маңыздылығы туралы Қ.Тоқаевтың пікірімен келісті және осы бағытта күш салатынын атап өтті.

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика