EXPO-2017

ЭКСПО-2017 Қазақстанның сәулет және құрылыс өнерінің дамуына ықпал етеді

ЭКСПО-2017 тарих бетінде жарқын із қалдырады және Қазақстанның сәулет және құрылыс өнерінің дамуына ықпал етеді, деді Қазақстан Республикасы архитекторлары одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Серік Рустамбеков.
Астана қаласы21 Сәуір , 16:38

«Кез-келген көрме жаңа технологиялардың енгізілуімен, жаңа жұмыс тәсілдерін қолданумен, заманауй материалдарды қолдануымен қызықты, осындай көрмелердің бірі Астанада өтетін ЭКСПО-2017. Қазақстанның бүкіл халқы осыншама кең көлемдегі акцияның елімізде өтетіндігін мақтанышпен сезінді, бұл әрине біздің мемлекетіміздің өкілдерінің еңбегі, әлеуметтік саладағы экономиканың дамуы. ЭКСПО-2017 Қазақстанның сәулет және құрылыс өнерінің дамуына ықпал етеді»,-деді филиал басшысы.

Бұл ретте ол Қазақстанның архитектурасы құрылыс ортасының толыққанды, яғни ыңғайлы әрі экологиялық жағынан таза  болуына мүдделі екендігін  атап өтті.

Бүгінгі таңда өз ісінің  кәсіби мамандарынан құрылған Қазақстанның архитекторлар одағы елдегі ең ежелгі ұйымдардың бірі және оның құрылғанына жақында 80 жыл толады.  

Естеріңізге сала кетейік, 22-сәуір күні Астанада КНАУФ тобы Қазақстаннның архитекторлар одағының және Бас қазақстандық сәулет-құрылыс академиясының қолдауымен «ЭКСПО-2017 – заманауй құрылыстың жол сілтеушісі» атты тақырыпта халықаралық конференция ұйымдастырады.  

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика