Сайлау-2015

Кандидат Т.Сыздықов Астанада республикалық сайлауалды штаб мүшелерімен кездесті

Қазақстан Коммунистік халық партиясы ұсынған ҚР Президенттігіне үміткер Тұрғын Сыздықов Астана қаласындағы республикалық сайлауалды штабында сенімді тұлғалар және насихатшыларымен кездесті, деп хабарлады штабтың баспасөз қызметі.
Астана қаласы21 Сәуір , 15:49

Кездесудің басында Тұрғын Ысқақұлы жалпы атқарылған жұмысқа қанағаттанып отырғандығын жеткізді.

«Коммунистік халықтық партиясы қоғамдық дамудың материалдық теориясына негізделген фундаменталды қағидаларды өзінің қызметінде қатаң басшылыққа алып келеді», - деді ол.

Т.Сыздықовтың пайымынша, оның ҚКХП атынан Президенттікке кандидат ретінде сайлау науқанына қатысуы халықтың назарын батыс мәдениетінің жағымсыз тұстарына аударуға мүмкіндік берді. 

«Батыс құндылықтары әдетте жалған болып келеді және тек өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруды ғана көздейтін тұтынушы-адамды қалыптастыруға бағытталған. Бұл ақшаға табынушылықты тудырып, адамдардың жеңіл табыс алуына және адамгершілік қағидаларынан бас тартуына итермелейді. Батыстық тұрмыс салты мен мәдениеті тығырыққа тірелді.

Сонымен бірге, Тұрғын Ысқақұлы айтқандай, батыстық жойқын мәдениетті тарату кинематограф өнімдері, компьютерлік ойындар, ғаламтордың әлеуметтік желілері, әдебиет және қоғамдық тамақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады. 

Атап айтқанда ол: «Батыс мәдениеті тығырыққа бара жатыр және оған зорлық-зомбылықты, бассыздық пен жеңіл табысқа ұмтылысты насихаттау әсерін тигізуде», - деп атап өті.

Өз кезегінде кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі Айқын Қоңыров: «Кандидатты қолдау үгіт-насихат кампаниясының жоспары жалпы толық көлемде іске асырылып келеді. Барлық жоспарланған шаралар дер кезінде атқарылды.

Осы тұрғыда мен біздің шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында, солардың қатарында республикалық телеарналарда кеңінен сипатталғанын айтқым келеді. Біз ғаламтордың әлеуметтік желілерінде сапалы жұмыс жасадық және ол сайлаушылардың басым бөлігін Тұрғын Ысқақұлының сайлауалды тұғырнамасымен таныстыруға мүмкіндік берді», - деді.

А.Қоңыров сонымен бірге республикалық сайлауалды штабының қызметіне халықаралық бақылаушылардың назар аударғанын атап өтті.

«Біздің республикалық және аймақтық штабтарымызға ЕҚЫҰ бақылаушылары келіп, Т.Сыздықов қолдаушыларының атқарып отырған жұмысымен танысты.

Олар біздің сайлаушыларымызбен кездесуіміз секілді кейбір іс-шараларымызға қатысты. Халықпен жұмыс жасауға деген мақсатымыз бен ашықтығымызға куә болды», - деді А.Қоныров. 

Сондай-ақ,  ҚКХП атынан Президенттікке кандидаттың Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмысының нәтижелері жөнінде баяндады.

Обком жетекшісі Н.Қадырқұлов, қазіргі уақытта интернационализм, төзімділік пен шыдамдылықтың, ізгілік пен адамгершіліктің маңызы күннен күнге артып келе жатқандығын алға тартты. Осы құндылықтар барлық мемлекеттердің өркендеуінің негізі болып табылады.

Т.Сыздықов сонымен бірге сайлаушылармен партия үшін маңызды сұрақ – коммунистік тұғырнамасын жетілдіру мәселесін талқылады.

Студенттер мен жұмыскерлер біздің көзқарастардың ескіргені жөнінде пікірлерін айтқан кезде, Сыздықов коммунизмнің класиктерінің сөздеріне сілтеме жасады: «Диалектикалық материализмге негізделген марксизмнің күші мен өмір сүруге қабілеті тарихи даму жолымен дәлелденеді».

Ақтау қаласында ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың аймақтық сайлауалды штабы жұмыстың алдын ала қорытындысын жасады.

«Аймақтық сайлауалды штабы Т.Сыздықовты қолдауға бағытталған бірқатар шаралар өткізді.», - деді Маңғыстау облысы бойынша партия комитетінің жетекшісі Р.Махамбетова.

Р.Махамбетованың айтуынша: «ҚКХП атынан Президенттікке кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды кампаниясының жоспарына сәйкес біз сайлаушылар арасында сапалы үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырдық. ҚКХП атынан Президенттікке кандидаттың сайлауалды тұғырнамасынан үгіт-насихат материалдары таратылуда

Біздің қалалық штабқа ЕҚЫҰ халықаралық бақылаушылары мен журналистері, сондай-ақ, облыстың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері келіп кетті.

Жалпы ҚКХП үгіт-насихат шаралары қандай да бір келеңсіздіксіз өткізілуде, бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізілген және олар арқылы халыққа Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасының мазмұны жеткізілуде», - деді облыстық штаб жетекшісі.




Яндекс.Метрика