Сайлау-2015

Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Ақмола облысының жұртшылығымен кездесті

Бүгін, 2015 жылдың 21-ші сәуірі ҚР Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Ақмола облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлады штабтың баспасөз қызметі.
Ақмола21 Сәуір , 15:38

РҚШ мүшелері сапар аясында «Көкшетау»  Мәдениет сарайына, облыстық қан орталығы, «Кокшетауминводы» өндірістік  кәсіпорны мен ҚР ІІМ Көкшетау техникалық университетіне барды.

«Мен кәсіпкер және аграрилердің өкілі ретінде Президентке бизнеске ұдайы қолдау көрсеткені үшін дән ризамын. 2001 жылы жолымызды жеті адамнан бастадық, ал бүгінде бізде бес жүзге жуық адам жұмыс істейді. Бұл дегеніңіз бес жүздей отбасында тұрақты табыс бар. Мемлекеттік қолдау ол бүгінде «ҚазАгроҚаржы» мен «Даму» қоры, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы арқылы ең төменгі пайыз - 5%-бен несие және 7%-бен субсидия беру болып табылады. Көптеген жылдар бойы біз Президенттің үлкен қолдауын сезіп келеміз», - деп атап өтті «Есіл Агро»ЖШС директоры Асылбек Есмағамбетов облыс активімен кездесу барысында.

Өз кезегінде Көкшетау қаласы қалалық ауруханасының кардиология бөлімінің меңгерушісі Сергей Зиборов 26 сәуірде не себепті ол және оның отбасы дауыс беретіні туралы айтып берді.

«Сенің қай ұлтқа жататының, дінің мен тілің  маңызды емес мемлекетте тұру ол үлкен бақыт. Мен шын жүректен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Қазақстанды баламасы жоқ бірегей бейбітшілік, келісім мен халықтың бірлік аралына айналдырып жібергеніне разымын ", - деп атап өтті С.Зиборов.

«Кәсіпкерлер, орта тап  кез-келген мемлекеттің тіреуі. Біздің мақтан тұтатын да, қадір тұтып құрметтейтін де, жоғалтатын да дүниеміз бар. Сондықтан, сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңіп шығуы бизнес үшін одан әрі сәтті дамудың кепілі болып қала береді»,-деді «Көкшетауминералдысулар» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы Асқар  Әлиев.

«Өз елінің патриоты ретінде мен біздің Қазақстан ұлы әрі тепе-тең мүмкіндіктердің елі деп айтқым келеді. Оған менің тағдырым куә: менің ғылыми дәрежем бар, ғылыми жұмыстармен айналысамын. «2014 жылдың үздік дәрігері» атағын жеңіп алдым. Меніңше менің тағдырым барлық қазақстандықтардың тағдыры сияқты Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Ол менің Көшбасшым, ол бәріміздің де Көшбасшымыз. Ол соңынан бүкіл Қазақстан халқы еретін тұлға!»-деді өзінің сөзінде Ақмола облыстық ауруханасының неврология бөлімінің меңгерушісі Мақшаріп Мартазанов.

Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізілген Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін айта келе, ақмолалықтар Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге өздерінің ертеңгі күндеріне сенетіндіктерін мәлім етті.  Сондықтан да халық президенттік сайлауда Қазақстандағы бейбітшілік пен бірліктің Қазақстанның дамуының нышаны - Елбасына дауыс береді. 

  

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика