Адамзаттық капитал

Ресейлік делегация өкілдері Жеңіс эстафетасының нышандарын Шығыс Қазақстан облысына алып келді

Достастық елдер Президенттері кеңесі бекіткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы атап өтудің мемлекетаралық бағдарламасы аясында Шемонаиха ауданына қарасты «Убе» шекаралық бақылау аймағында Ресей Федерациясының делегациясымен және Ресейдің ФҚҚ Алтай өлкесі бойынша шекаралық эстафеталық топ басқармасының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды ШҚО әкімдігі.
Шығыс Қазақстан21 Сәуір , 20:27

Кездесуге сондай-ақ Ұлтық қауіпсіздік комитетінің «Солтүстік» аймақтақ басқармасының, 2034 және 2098 әскери бөлімдерінің (Өскемен, Семей) және Шемонаиха ауданының атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты.

Ресей делегациясы мен оларды алып жүрген топ өкілдері Өскемен қаласының орталығына жүріп кетті, онда Шығыс Қазақстан облысының шекаралық заставаларынан өтіп, көршілес облыстардың өекілдеріне берілетін Жеңіс эстафетасының нышандарын беру рәсімі өтеді.  

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен «Жеңіс эстафетасы» аясында өтетін барлық іс-шаралар есімдері әйгілі жауынгер шекарашылардың еңбектерін насихаттауға, посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер достығын нығайтуға бағытталған және олар қиын-қыстау күндерде Отан қорғаған жауынгерлерге деген құрмет болмақ. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика