Мәдениетті жаңғырту

Ақтаудың жас суретшілері Қазақстан қалаларының магнит суреттерін дайындауды ұсынып отыр

Ақтауда суретші Владимир Лукашовтың жетекшілігімен маңғыстаулық жас суретшілердің басқосуы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысының әкімдігі.
Маңғыстау21 Сәуір , 20:43

«Өкінішке орай,  Қазақстан қалаларының суреттері бейнеленген магнит кәдесыйларды өте сирек кездестіресіз. Бүкіл әлемнің туристері арасында мұндай сыйлықтар кең танымал. Оларда қандай да бір мемлекетке сапар немесе саяхат жасағанда сол сапардан естелік ретінде магнит суреттерді алып келеді. Сондықтан Қазақстанның әрбір қаласының суреті салынған магнитті сыйлықтарды жасау идеясы пайда болды. Бәлкім, осы бастаманы жүзеге асыру үшін әрбір қаланың суретшісі өзі тұрып жатқан қаланың суретін салып, қызықты идеяларын ұсынатын шығар. Онді тіпті жақсы болады, өйткені олар өздері тұрып жатқан жерлердің барлық әсем аймақтары мен көріністерін жақсы біледі. Біздің бастамамыз өзгелер тарапынан қолдау тауып жатса, біз бұған тек қуанамыз»,-деді суретші Владимир Лукашов.      

Оның Ақтау қаласына арнап салған суреттерінің магниті қазір дайын. Маңғыстау облысындағы «Арман» жастар орталығының қызметкерлері оны Қазақстанның барлық аймақтарындағы өздерінің әріптестеріне жіберді. 20-ға жуық студент Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының магниттерінің үлгілерін ұсынды.   

«Біз еліміздің өзге аймақтарында тұратын әріптестерімізге қаламыздың қандай әсем екендігін көрсеткіміз келеді. Енді біз олардан да өздерінің аймақтарының суреттерінен жасалған магниттерді күтеміз. Әркім өз қаласының көрікті жерлерін бағалай біліп, өзгелерге оны насихаттай да білуі керек. Сондықтан біз шығармашылық эстафетаны еліміздің өзге аймақтарына жалғадық! Біздің акциямыз жастарды шығармашылық тұрғыда біріктіруге ықпал етеді деген ойдамыз»,-деді Маңғыстау облыстық «Арман» жастар орталығының маманы Наурыз Мұрат.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика