Адами капитал

Бес әскери гарнизонның офицер-психологтары оқу-әдістемелік жиынға қатысты

Алматы облысындағы 32363 әскери бөлімінің оқу-жаттығу корпусында ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлері офицер-психологтарының оқу-әдістемелік жиыны болып өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Алматы21 Сәуір , 19:24

Жиынның мақсаты жедел міндеттердің ерекшелігін ескере отырып әскери қызметшілердің психологиялық қасиеттерін жетілдіру, психологиялық жұмыстарды ұйымдастырудың бірыңғай әдісін, сондай-ақ әскери қызметшілердің жеке құрамын психологиялық даярлау әдістемесін әзірлеу болып табылады.

«ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басқармасының аға офицері капитан Д.Смаилова жиынға жетекшілік етті. Барлығы кәсіби шеберліктерін жетілдіру жиынына Алматы, Қапшағай, Талдықорған, Сарыөзек және Жаркент гарнизондарынан 13 офицер-психолог қатысты», - делінген хабарламада.

Жиын барысында ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің қатарына әскери қызметке шақыру үшін әскери қызметшілерді сапалы іріктеу әдістері және жеке құраммен психологиялық жұмысты жүргізумәселесі талқыланды. Офицер-психологтардың осындай жиындарға жыл сайын қатысатынын айта кеткен жөн.

Аталған іс-шара әскери қызметшілердің барлық санаттарына психологиялық көмек көрсету негізгі жұмысы болып табылатын әскери қызметшілер бойындағы ұйымдастыру-әдістемелік, сонымен қоса іс жүзіндегі даярлығын дамытып, қалыптастырады. Психолог офицерлер әскери қызметшілермен ұдайы топтық, жеке сұхбатар мен тренингтер өткізіп тұрады. Олар ұжымды жете білуге мүмкіндік береді, барша жеке құрамның жылдам бейімделуіне және бірігуіне, сондай-ақ ұжымда жанжалдар туындауының алдын-алуға ықпал етеді. 


 




Яндекс.Метрика