Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту 2016 жылы аяқталады

Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту 2016 жылы аяқталады, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
Маңғыстау22 Сәуір , 09:06

«Бірінші кезең  айлақтың құрылысы мен тереңдету жұмыстары 2015 жылдың шілдесінде басталады. Портты кеңейту бойынша жұмыстарына инвестицияның жалпы сомасы 27 млрд теңге және 200-ден астам жұмыс орны ашылатын болады. «Қазақстан темір жолы» АҚ - жоба мердігері, ал инвестор - Dubai Port World компаниясы. Осылайша, Маңғыстау облысы Қазақстанның оңтүстік батысында көлік  хабы болады», - делінген хабарламада.

Әкімдіктен атап өткендей, темір жол бойынша Ақтауға жүк тасымалданады, одан кейін теңіз арқылы Еуропа елдері мен Иранға жөнелтіледі. «Қазақстан-Түркіменстан-Иран» темір жол желісіне қосымша «Ақтау-Эгзали(Иран)» жолы және одан ары Парсы шығанағына қарай оның ішінде Дубайға тағы ашылады. Келісім шарт бойынша жалпы іске қосу 2016 жылға жоспарланған.

Жаңа көлік-логистикалық жобасы теңіз порты арқылы жүк тасымалы көлемін арттырады. Порт аумағында әр қайсысының сыйымдылығы 60 мың тонна болатын 6 силос орналастырылады және 1 млн тоннаға дейін контейнерлерді сақтауға арналған алаң ашылады. Жүк тасымалының жобалық қуаттылығы 500 т/сағ.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, 2014 жылы Ақтау теңіз портында жалпы жүк тасымалы 10,3 млн тоннаны құрады, бұл 2013 жылдан 2%-ға артық. Жүк тасымалы көлемінің артуы ЖезқазғанБейнеу және ӨзенБолашақ теміржол желісінің іске қосылуымен байланысты.

Қуаттылығы жылына 1,5 млн тонна бидай терминалы мен жылына қуаттылығы 1,5 млн тонна екі басты жүк терминалы мен контейнерлер іске қосылған соң жүк тасымалының көлемі жылына 19,5 млн тоннаға дейін көбейеді деп жоспарлануда.  




Яндекс.Метрика