Адами капитал

5 мыңға жуық ақтөбелік ардагер ҰОС-тың 70 жылдығына арналған мерекелік медальға ие болады

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №992 «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградтау туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласында Ұлы Жеңіске үлес қосқан ардагерлерді салтанатты марапаттау өтуде, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе21 Сәуір , 17:23

«Марапатталатындар тізімінде 5438 адам. Олар – 39 ҰОС мүгедегі және 93 қатысушы, 5 – Ленинград қаласының блокадасы мерзімінде қала кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғанысы үшін» медалімен немесе «Блокадалы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азамат; 11 – концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары; 4507 – тылдағы жанқиярлық еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған және 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай, ҰОС жылдары жұмыс істеген адамдар, 783 – адамдардың басқа санаттары», - делінген хабарламада.

Медальдерді тапсыру қала мектептерінде, колледждерінде, жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде өтеді.

Денсаулық жағдайына байланысты рәсіміне қатыса алмаған ардагерлерге наградаларды тапсыру тұрғылықты жері бойынша жүргізілетін болады.

 




Яндекс.Метрика