Сайлау-2015

Азаматтық жауапкершіліктің деңгейін көтеріп, жастарды патриотизмге дайындау қажет – Бокина

«Сенің дауысың маңызды» слоганы терең ұғым береді, деді «Сенің дауысың-сенің болашағың» постерлер байқауының қатысушысы Айнұр Бокина Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 20 Сәуір, 19:36

«Жаңа байқау туралы жаңалықтар сюжетінен білдім. Байқауға барлығы қатыса алатыны қуандырды. Мен өзім дизайнермін, дизайнерлік бағдарламалардың әзірленуімен айналысамын, шынымды айтсам  «Сенің дауысың-сенің болашағың» атты байқаудың идеясы ұнады. Байқауға қатысу қызығушылығы туындай бастады», - деді ол.

Қатысушы атап өткендей, постердің жеңіл, түсінікті әрі  өзекті, мағыналы болуын қалаймын. Қазақстанның туының нақышы әрбір қазақстанықты бинелейді. «Демек, біздің әрқайсымыз қандай бағытқа бет алу керектігімізді көрсете алады. «Сенің дауысың маңызды» мағынасы қуатты, серпін береді. Меніңше, азаматтық жауапкершіліктің деңгейін көтеріп, жастарды патриотизмге дайындау қажет», - деді ол.

«Мен үшін бұл сайлау тұңғыш рет болмақ. Өткен жолы мен өз азаматтық борышымды шетелде оқып жүргендіктен өтей алмадым. Осы жолы мен дауыс беремін! Себебі, әр адамның дауысы маңызды», - деді байқауға қатысушы.

 

 





Яндекс.Метрика