Ананы қорғау

Қазақстанда бала емізу апталығы басталды

2013 жылдың 1-тамыз аралығында Қазақстан Дүниежүзілік бала емізуді насихаттау жөніндегі альянстың қолдауымен Дүниежүзілік бала емізу апталығына қатысады, деп хабарлайды 2050-стратегиясының ресми сайты.
Казахстан06 Тамыз , 00:00

Әлемде бала емізу апталығы 21-рет, Ресейде – 10-рет, ал Қазақстанда 4-рет өткізіліп отыр. 2013 жылдың апталары: «Бала емізуді қолдау: аналар жанында», дейді ұйымдастырушылар.

«Әйелдер босанғаннан кейін баланы еш қиындықсыз емізеді. Алайда, араға екі апта немесе ай салып сүт шықпай қалып жатады. Мұндай кезде анна деру медициналық мекеменің көмегіне жүгінуі тиіс», - дейді маммандар.

Апта аясында 2 тамызда Алматыда Тимирязев – Бейбітшілік көшелерінің қиылысындағы саябақта емізуші аналар кездеседі, оларға БЕ мамандары сүт шығару бойынша ақысыз кеңес береді.

6 тамызда Ақтөбе қаласында аналарға бала емізу бойынша ақысыз жедел желінің ашылуына арналған алғашқы кездесуі өтеді. 7 тамызда Алматыда «Баланы оңай әрі ықыласпен емізу. 10 басты ереже» атты тақырыпта жүкті аналарға арналған ақысыз семинар өтеді. Семинарды бала емізу жөніндегі кеңесші, педагог-психолог Елена Асадчая жүргізеді.




Яндекс.Метрика