Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Ақмола зауыты цемент шығарудан ҚР-дағы ірі кәсіпорын болады

«Көкше-Цемент» ӨБ» ЖШС 20 маркадан астам цемент шығаратын республикадағы ірі кәсіпорын болмақ. Бұл жөнінде Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов Еңбекшілер ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде мәлімдеді.
Ақмола28 Тамыз , 00:00

Жобалық қуаттылығы 2 млн тоннаны құрайтын кәсіпорын Көксор әктас кен орнын өңдеуді жоспарлап отыр.

«Бүгінде зауыттың негізді нысандарының құрылысы аяқталып, монтаждық жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпорынның толық жұмыс істеуі үшін тағы қосымша нысандардың құрылысы жүргізілді», – деді баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, шамамен 8 км автожолға күрделі жөндеу жұмысы, Айсары темір жол стансасын қалпына келтіру жүргізілді.

«Жыл соңына дейін Заводская стансасында құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Ұзындығы 28 км болатын жаңа су таратқыштың жұмысы зауыттың үздіксіз сумен жабдықталуын қамтамасыз етеді. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында цемент өндірісі бойынша технологиялық желінің іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіледі», – деді облыстық әкімдікте.

Зауыт басшылығымен кездесуде облыс әкімі құрылыс жұмыстарының алдағы барысы, шетелдік инвесторларды тарту бойынша күрделі мәселелерді талқылады. 




Яндекс.Метрика