Ұлттың денсаулығы

Ақмола облысында халықаралық шашки ойыны бойынша әлем чемпионы атағына ие болу матчі өтуде (Фото)

Ақмола облысында шашки ойыны бойынша әйелдер арасында әлемдік тәж үшін сайы өтуде, деп хабарлады ІСБ жанындағы «Ақмола медиа орталығы».
Ақмола 02 Сәуір, 20:08

Матч қазіргі әлем чемпионы Зоя Голубева (Латвия) мен үміткер Тамара Тансыккужина (Ресей) арасында өтеді.

«Сайыс 10 күнге созылады. Матчтің бас орбитрі - Яцек Павлицкий (Польша), бас хатшы - Айрат Нұрғазиев (Қазақстан). Аппеляциялық әділқазылар алқасы : Франк Тир (Нидерланды), қатысушылар  – Анри Мако (Франция), Ян Жолтовски (Германия)», - делінген хабарламада.

Зоя Голубева қара шашкілермен ал Тамара Тансыккужина ақ шашкілермен ойнайды деп шешілді. Спортшылар (Е-board) электронды тақтасында ойнайды, ойын  әлем бойынша онлайн көрсетіледі.

 

 





Яндекс.Метрика